KZ | RU

Мұғалім логопед

Пірімбетова Манат Оразәліқызы

Еңбек өтілі: 6 жыл

Санаты: педагог-модератор

Тел: 87473066902

«Мектеп мұғалім-логопедінің қызметі»

Мектеп логопеді жұмысының негізгі мақсаты: оқушылардың сөйлеу және жазбаша тіліндегі бұзушылықтарын анықтау. Осы анықтамаға сәйкес түзету жұмыстарын жүргізу.

Сонымен қатар логопед баланың қажеттілігіне қарай келесідей мақсаттарды қояды:

• Дыбыстарды қою;

• Ұсақ моториканы дамыту;

• Оқу және жазу дағдыларын дамыту;

• Белсенді және енжар сөздік қорын дамыту;

• Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту.

Әр жаңа оқу жылының басында логопедиялық көмекті қажет ететін балаларды анықтау мақсатында бастауыш сынып оқушылары тексеруден өткізілді. Қыркүйек айында бастауыш сынып оқушыларының дыбысты айтуы, фонетикалық-фонематикалық қабылдауы мен талдауы, сөйлемді грамматикалық тұрғыдан сауатты құра білуі тексерілді. Нәтижесінде логопедиялық көмекті қажет ететін оқушылар анықталды.

Ол оқушылар логопедиялық тұжырымдарына байланысты топтарға бөлініп, әр топқа жеке жоспар құрылып,жоспар бойынша жұмыс жасалады.

Құжаттар тізімі

Жүктеу алу

1

Ата-аналарға ұсыныстар

жуктеп алу