-
Ғаламтор —бұл мүмкіндіктер қоймасы ғана емес,қорқыныш көзі. Бүгінгі күнде Интернет желісін пайдаланушылар ондаған миллион адам құрайды және оның басым бөлігі әлем торының қауібі туралы біле бермейтін -балалар.
Берілген ұсыныстар—қорқыныштың алдын алатын және баланың интернеттегі жұмысының пайдалы болуына көмек ретінде ата-аналар үшін тәжірибелік ақпарат.
Ереже 1. Баланы желінің беретін мүмкіндіктері мен әкелетін қауіпі туралы ескертіңіз.
Балаға Интернетте де өмірдегі сияқты «жақсы», «жаман» адамдар кездесетіні туралы түсіндіріңіз. Егер бала басқа интернет пайдаланушы тарапынан теріс жағдайлармен, зорлыққа тап болса, онда ол туралы жақын адамдарға хабарлауы керек.
Ереже 2. Балаларыңыздың «әлемдік паутинада» әрекеттеріне мұқият болыңыздар.
Балаларды Интернетте «еркін жүзуге»жібермеңіздер. Баланың ғаламтордағы қатым-қатынасына белсенділікпен қарауға тырысыңыздар,әсіресе оны жаңа меңгеру кезінде. Балалмен интернет арқылы көп нәрсе алатыны туралы айтыңыз, өз кезінде үрейдің алдын ала ескерту жасау туралы.
- Балаға өзі туралы жеке мәліметтерді(мекенжай, телефон, оқу орны) әлеуметтік желілерге және басқа ашық көздерге салмағаны дұрыс ,тіпті ол қауіпті екенін түсіндіріңіздер.
- Бала-тек оған қажет деген ақпараттарды ғана іздеуін талап етіңіз.
- Баланы интернеттен ақылы ақпарат және қызмет алуға мұқият болуды үйретіңіз, әсіресе sms жіберу арқылы , – ақша жоғалтудан алыс болу үшін..
- Балаға өз бетімен браузердің мекенжай жолына мекежайын енгізуді үйретіңіз Бұл клон- сайттарынан құтқарады .
Ереже 3. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін компьютерлік сауаттылық деңгейін үнемі көтеріп отырыңыз.
Компьютерлік және Интерне тсауаттылығы деңгейінің арттырудың оңтайлы мүмкіндіктерін пайдаланыңыз, мысалы ,курсқа бару, арнайы әдебиет оқу, сараптамашылардан кеңес алу.
Ереже 4. Балаңыздың желіде болуына бақылаудың оңтайлы түрін таңдаңыз.
Өзіңіздің компьютеріңізге қажетті бағдарламалық қамтамасыздықты орнатыңыз —ата-аналар бақылауының шешімі , Касперский антивирусы немесе DoctorWeb.
Компьютердің жай күйлері Сізге сіздің балаңыздың қандай ақпараттарды қарастыратынын біліп отыруға мүмкіндік береді. Үнемі балаңыз шығатын ресурстарды қадағалаңыз.
Егер Сіздің балаңыз оқушы болса —төменгі сынып оқушылары және үйде жалғыз жиі қалатын болса, балаңыздың, Интернетте отыру уақытын шектеңіз.
Егер компьютерді барлық отбасы мүшелері пайдаланса, оны барлық отбасы мүшелеріне қол жетімді жерге орнатыңыз, бала бөлмесінде емес.
Ереже 5. Баланың мінез-құлқын қадағалап, Интернетке тәуелділік қауіпінен сақтандырыңыз.
Естеріңізде болсын, жаман әдеттер денсаулыққа зиянды, ал Интернетке тәуелділік адам психикасына зиян келтіреді. Дәргерлердің, психологтердің айтуынша, Интернетке тәуелділік ата-аналар үшін ыңғайлы тәуелділік болып табылады.
Баланың мінез –құлқыныдағы өзгерістерге мұқият болыңыз. Ашушаңдық, аңқаулық, тұйықтық кез-келген нәрсеге қызығушылығын жоғалтуы, желіде болған уақытын жасыру, компьютералдында отырып жиі тамақтану — осының бәрі интернетке тәуелділік белгісі болуы мүмкін.
Интернетке пайдалы балама ойлап табыңыз. Бұл қызықты ермек, белсенді демалыс, спорт секциялары мен үйірмелерге қатысу, достарымен, ата-аналармен қалыпты серуенге шығу болуы мүмкін.
Тәуелділікті мейлінше ертерек танып, қажет болса мамандарға жүгініңіз.
Ереже 6. Педиатрлардың ұсыныстарын басшылыққа алыңыз.
7жасқа дейін балаларды компьютерге /Интернетке жолатпау; 7-10 жаста компьютералдында отыру уақытын күніне 30 минутқа шектеуді ұсынады . 10-12 жаста- 1 сағатқа; 12 жастан ересектерге — міндетті үзілістермен 1,5 –тен асырмауды.
Есіңізде болсын, компьютералдында мөлшерден артық отыру баланың денсаулығына зиянды және көру қабілетін төмендетуге, гиподинамияға, тіпті жүрек тамырлары ауруына әкеліп соқтырады.