2025-2026 оқу жылына арналған аралық және қорытынды, мемлекеттік аттестатау туралы
5-8,10 сыныптарында «Қазақ тілі» пәнінен аралық жазбаша емтиханы 2026 жылдың 26,28,29,30 мамырында өтізіледі
9 -сынып оқушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары - 2026 жылғы 29 мамырдан бастап 11 маусым аралығында;
11 -сынып оқушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары - 2026 жылғы 2-15 маусым аралығында.
9 -сынып оқушылары үшін:
1) математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан - 2026 жылғы 29 мамыр;
2) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) - 2026 жылғы 3 маусым;
3) қазақ тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, - 2026 жылғы 8 маусым;
4) орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан - 2026 жылғы 11 маусым.
11-сынып оқушылары үшін:
1) Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан - 2026 жылғы 2 маусым;
2) алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан - 2026 жылғы 5 маусым;
3) қазақ тілі (оқыту тілі) бойынша жазбаша емтихан- 2026 жылғы 9 маусым;
4) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзілік тарих, құқық негіздері, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) - 2026 жылғы 12 маусым;
5) орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан - 2026 жылғы 15 маусым.













