Бастауыш білім беру бұл – ересектер әлеміне, саналы өмірге бастау, және баланың кім және қандай болып өсетіні оның жетістіктеріне байланысты.
Ата-аналарға бейімделу мерзімі бірнеше айға созылып кетуіне дайын болуы керек. Балаға көмек керек және бірінші кезекте ол өзіне ең жақын ата-анасының қолдауына мұқтаж. Сол себепті де ересектерге бар күш-жігерімен баласына қолдау көрсетуге талпынуы керек.
- Баланы жайлап оятыңыз: оянғанда ол сіздің күлімдегеніңізді көріп, еркелеткен дауысыңызды естісін. Таң атпай оны ұсақ — түйекпен асықтырмаңыз, кеше ескерткен болсаңыз да, қателіктері мен жаңсақтықтары үшін кінәламаңыз.
- Баланы мектепке таңғы ассыз жібермеңіз: мектептегі тамақтануға дейін оған көп жұмыс істеу керек болады.
- Қоштасарда ескерту, ақыл айтыңыз. Балаға сәттілік тілеңіз.
- Бүгін қандай баға алдың деген сөзді ұмытыңыз. Мектептен кейін баланы байыпты қарсы алыңыз, оған көп сұрақтар қоймаңыз, босаңсуға мүмкіндік беріңіз.
- Егер балаңыздың ренжулі, бірақ үндемейтінін байқасаңыз, сұрап қинамаңыз, саябырланған соң өзі айтады.
- Мұғалімнің ескертуін ести сала, ұрсысуға асықпаңыз, мұғаліммен баланың қатысуынсыз сөйлесуге тырысыңыз.
- Мектептен келе балаға сабақ орындауға асықтырмаңыз, күш жинауға 2 — 3 сағат қажет (1 сыныпта 1, 5 сағат ұйықтап алғаны жақсы). Сабақ дайындауға тиімді уақыт — 15 — 17 сағат аралығында.
- Бір отырғаннан барлық сабақты орындатпаңыз, 15 — 20 минут сабақтан кейін 10 — 15 минут үзіліс қажет.
- Сабақ орындағанда үстінен төніп тұрмаңыз, өзіне жұмыс істеуге мүмкіндік беріңіз, бірақ сіздің көмегіңіз керек болғанда сабырлық сақтаңыз. Байыпты сөйлеп, қолдау, мақтау қажет.
- Баланың бас ауруына, шаршауына, көңіл — күйінің нашарлауына шағымданса, назар салыңыз. Бұл көбінде қажудың, сабақтағы қиналудың басты көрсеткіштері болады.
Ата-аналарға кеңес
- — Балаңызды жетістіктері үшін емес, ол қандай болса да жақсы көретініңізді көрсетіңіз.
- — Балаңызды басқа баламен салыстырмаңыз.
- — Балаңызбен күнде бірге болуға уақыт табыңыз.
- — Баланы жетістіктері үшін мақтаңыз. Бала
- жетістікке жеткенде сіздің қолдауыңызды сезінуі тиіс.
- — Бала бойында сенімділікті орнатыңыз: мысалы: «Мен-ақылдымын», «Мен- батылмын», «менің қолымнан бәрі келеді».
- — Баланы жақсы көріңіз! Баланың ата-анасы емес досы болуға тырысыңыз.
- — Өз балаңызға сеніңіз. Сіздің сеніміңіз баланың жағымды істерін жүзеге асыруға көмектеседі.
- — Баланы құшақтап, мақтауды ұмытпаңыз.
- — Балаға мыналарды түсінуге мүмкіндік беріңіз:
«Егер саған қиындық туындаса, мен саған міндетті түрде көмектесем және міндетті түрде түсінік танытам, және де біз бірге барлық қиындықтарды бірге жеңеміз.
БАЛАҢЫЗҒА КӨПТЕГЕН МҮМКІНДІКТЕРМЕН ӨЗІҢІЗГЕ СЕНІМ!