Мектепке қош келдің, БАЛАҚАЙ!
1 сынып оқушыларының ата-анасына мектеп психологтарының ұсыныстары!
Бірінші қыркүйекте сіздің балаңыз бен барлық отбасыңыздың өмірінде мүлде жаңа парақ ашылды.
Ата-аналарға бейімделу мерзімі бірнеше айға созылып кетуіне дайын болуы керек. Балаға көмек керек және бірінші кезекте ол өзіне ең жақын ата-анасының қолдауына мұқтаж. Сол себепті де ересектерге бар күш-жігерімен баласына қолдау көрсетуге талпынуы керек.
Бала өміріндегі орын алып жатқан өзгерістер кезінде ата-аналар төмендегілерді естен шығармауы тиіс:
- Бірінші сынып оқушылары өте әсершіл;
- Тез ашуланғыш келеді;
- Тез шаршайды;
- Олардың зейіні құбылмалы болады;
- Тәртібі сыртқы жағдайға байланысты
Егер Сіз бен Біз баланың жаңа жағдайын, олардың жас ерекшелігін ескеріп тапқырлық танытсақ біздің балаларымыз бейімделу кезеңін оңай еңсереді.
- Ең бастысы, сізге қажетті – өз балаңызға көбірек көңіл бөлуіңіз.
- Сабырлы болыңыз оның мектеп жайында әңгімесін тыңдап, нақтылаушы сұрақтар қойыңыз.
- Сіз үшін маңызды емес жайттар қызыңыз немесе ұлыңыз үшін күн бойына қатты ойландыратын оқиға болуы мүмкін!
- Балаңызды мұқият тыңдаңыз: сонда балаға қандай көмегіңіз қажет екенін, мұғаліммен не жайында сөйлесу керектігін, баланы мектеп жанында қалдырғаннан кейінгі оның шынайы жағдайы қандай болатынын түсінесіз.
- Оқушыға анасы мен әкесінің назары керек сондықтан балаға бөлек уақыт бөліңіз.
- Бала сіздің махаббатыңызға өзі мүлде лайық емес кезде мұқтаж болады
- Егер балаңыз оның барлық іс-әрекетіне, оны ойландыратын жәйттарға сіздің қызығушылығыңызды байқаса, ол міндетті түрде сіздің қолдауыңызды сезінеді.