2024 жылғы 28 қарашада Қостанай қаласы білім бөлімінің №15 жалпы білім беретін мектебі КММ-де 11 сынып түлектерінің ата-аналарына арналған жиналыс ұйымдастырылды. Жиналыс барысында мектеп директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары А. Б. Бекбулатова ата-аналарды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2024 жылғы 10 шілдедегі №174 бұйрығы бойынша 2024–2025 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдері, сондай-ақ білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу тәртібімен таныстырды. Сонымен қатар, жиналыс барысында ата-аналарға Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) процесі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, түлектердің дайындық кезеңінде туындайтын сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Бұл кездесулер ата-аналарға балаларының оқу үдерісін бақылауға, ҰБТ-ға дайындықты дұрыс ұйымдастыруға және мектеппен тығыз байланыста болуға мүмкіндік береді.














