Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+

2021 жылдың 7- 13 қазан аралығында «Денсаулық мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған қызметтерді дамыту» жобасын іске асыру бойынша апталық «Қостанай қаласы білім бөлімінің №15 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де апталық ұйымдастырылды. Мақсаты: балалар мен жасөспірімдерде инклюзивтік мәдениетті және мүгедек адамдарға толерантты қарым- қатынасты қалыптастыру. Осы мақсаттпен келесі жоспар бойынша жұмыстар атқарылды.

Іс-шара атауы Өту формасы Кіммен жүргізіледі Жүргізілетін уақыты Жауапты
  «Біз әртүрліміз, бірақ біз біргеміз» суреттер байқауы Суреттер сайысы 2 сыныптар 07.10.2021 Сынып жетекшілер
1 «Дос болайық» сынып сағаты 3 «Ә».4 «А»,4 «Б» сынып   08.10.2021                                       Сынып жетекшілер    
2 «Төзімділік-бейбітшілікке арналған сабақтар» сынып сағаты 6 «Б», 7 «Б», 7 «А» сыныптар 11.10.2021                                       Сынып жетекшілер
3 «Біз әртүрліміз, бірақ біз бәріміз теңбіз» сынып сағаты 9 «А», 9 «Ә» сынып   12.10.2021 Сынып жетекшілер  
4 «Мейірімділік сабақтары» сынып сағаты 1,3,5,8,10,11 сыныптар   08 – 12.10.2021                                       Сынып жетекшілер  
6 «Жақсылық жолымен» тренинг 4 «А»,6 «Б», 9 «Ә» сыныптар 11.10.2021 Педагог- психологтар
7 «Қызығы толы бұл әлем» Кітап көрмесі 1-11 сыныптар 12-13.10.2021 Кітапханашы

2021 жылдың 7 қазан күні 2 сынып оқушылары арасында «Біз әртүрліміз, бірақ біз біргеміз» суреттер байқауы ұйымдастырылды.. Оған балалардың сыпайылық, достық, қайырымдылық  тақырыптарына салынған суреттері жинақталды. Байқау барысында оқушылардың белсенділік танытып, сурет салуға деген қызығушылықтарын арттырды.

2021 жылдың 8- 12 аралығында 1-11 сыныптар аралығында «Дос болайық», «Төзімділік-бейбітшілікке арналған сабақтар», «Біз әртүрліміз, бірақ біз бәріміз теңбіз», «Мейірімділік сабақтары» атты сынып сағаттары жүргізілді. Мақсаты: балаларда мүмкіндігі шектеулі балалармен бірлескен ойын әрекеттерін жүзеге асыру қабілетін қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің ЕБҚ бойынша толеранттылықтарын қалыптастыру. Аталған сынып сағаттарға оқушылар қызығушылықпен ат салысты.

Осы жоспарды жүзеге асыру  аясында 2021 жылдың 11 қазан күні  мектеп педагог- психологы инклюзивті білім беруді қажет ететін сыныптар арасында тренинг өткізді. Мақсаты: инклюзивті оқушылар мен сыныптастары арасындағы қарым-қатынасты жақсарту,өз-өзіне деген сенімін арттыру, үрей мен қобалжуын кеміту, өз ойын еркін жеткізу, көңіл-күйін көтеру. Тренинг барысында оқушылар “Кім жылдам?”, “Менің бойымдағы құнды қасиеттер”, “Сиқырлы ғажайып орман”, “Дос іздеу” атты түрлі тренингтік ойындар ойнады. Тренингке қатысушылар белсенді қатысты. Еркін түрінде қатысушылар психологиялық тренингтен алған әсерлері туралы пікірлерін көбелек формасындағы стикерлерге жазып, қасиетті жүрекшеге жабыстырды.

12-13 қазан аралығында мектеп кітапханасында «Қызығы толы бұл әлем» атты  көрме ұйымдастырылды. Көрмеге инклюзивті білім беруді қажет ететін оқушыларға, мүгедек оқушыларға қызықты кітаптар, журналдар, ертегілер қойылды. Көрмені 1-11 сынып аралығындағы оқушылар мен мұғалімдер тамашалай алды.