2025 жыл-Жұмысшы жастар жылы
30 қыркүйек 2025 күні мектебіміздің 9-11 сынып оқушылары кәсіби бағыт-бағдар беру жұмысы аясында «Большевика» тігін фабрикасына экскурсия жасады.
Оқушылар фабриканың жұмыс орнымен, заманауи құрылғыларымен, өндіріс барысымен және дайын өнімдерімен танысты. Экскурсия балалар үшін ерекше әсерлі болып, олар тігін саласының қыр-сырын көріп, еңбекке деген қызығушылықтарын арттырды.
Бұл тағылымды сапар Жұмысшы жастар жылы аясында ұйымдастырылып, оқушыларға кәсіби бағдар мен практикалық тәжірибе алуға мүмкіндік берді.














