Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+

3 қазан — Мұғалімдер күні мерекесі

Бүгін «IQOSTANAY» Smart-орталығы базасында ұстаздарға арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік кешке қаламыздың білім беру жүйесін дамытып жүрген ардақты педагогтар қатысты. Іс-шара барысында қала әкімі Марат Қонысбайұлы Жүндібаев ұстаздарға жылы лебізін білдіріп, білім саласына қосқан үлестері үшін алғыс айтты. Кештің ең әсерлі сәті — марапаттау рәсімі болды. Мемлекеттік және облыстық деңгейдегі наградалар 30-дан астам педагог пен білім ұйымдары басшыларына табысталды. Солардың қатарында мектебіміздің мақтанышы — физика пәнінің мұғалімі, педагог-шебер Маженова Салтанат Төлендіқызы «Ы. Алтынсарин» атындағы төсбелгімен марапатталды. Салтанат Төлендіқызын шын жүректен құттықтаймыз! Оқушыларыңыздың жетістігі мен еңбегіңіздің жемісі артсын!