Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+


Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.216.149): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 403 Forbidden in /var/www/vhosts/mektep15.edu.kz/httpdocs/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46

4 маусым-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай мектеп жанынан ұйымдастырылған «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінде тәрбиеленушілермен танымдық іс-шара өтті.

Шара барысында оқушыларға еліміздің біртұтастығы мен тәуелсіздігінің нышаны саналатын Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран туралы жан-жақты ақпарат берілді. Балалар рәміздердің тарихы мен мағынасын танып, олардың әрбір элементінің терең символдық мәнін түсінді.

Сонымен қатар, қатысушылар арасында интеллектуалды ойындар мен викториналар ұйымдастырылып, балалардың отансүйгіштік сезімін арттыруға бағытталған қызықты тапсырмалар орындалды.

Іс-шара балалардың мемлекеттік рәміздерге деген құрметін қалыптастырып, елін, жерін сүюге тәрбиелеу мақсатын көздеді.