2024 жылдың 13 маусымында мектебімізде 9-сынып оқушыларына жалпы орта білім туралы аттестат табыстау рәсімі өткізілді.
Салтанатты іс-шара барысында бітіруші түлектерге ізгі тілектер айтылып, олардың мектеп қабырғасындағы жетістіктері атап өтілді. Биылғы оқу жылында жалпы саны 54 білім алушы негізгі орта білім деңгейін аяқтап, өздерінің алғашқы маңызды құжаттарын-аттестаттарын иеленді.
Бұл күн түлектердің өміріндегі маңызды кезеңнің бастауы болып, алдағы жаңа белестерге жол ашты.














