Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай дарыны өңірлік оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 11 мамыр күні «Абай оқулары» байқауының облыстық кезеңінде мектебіміздің 9 Б сынып оқушысы Қуандық Арнұр «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша жүлделі 1 орын иегері болды. Жетекшісі: Алшынбаева С. А. Жеңімпаздарды құттықтаймыз. Қуандық Арнұр алдағы уақытта Семей қаласында Қостанай облысының намысын қорғайтын болады.















