Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+

Мұғалімдер арасындағы «Ақыл-IQ» интеллектуалды ойыны

2024 жылдың 28 ақпан күні мектебімізде педагогтер қауымына арналған «Ақыл-IQ» атты интеллектуалды ойын ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – мұғалімдердің зияткерлік қабілеттерін дамыту, ұжымдық бірлікті нығайту және шығармашылық ойлауды жетілдіру болды.Ойын барысында қатысушылар логикалық, танымдық және жылдам ойлау дағдыларын көрсетіп, өзара тартысты әрі қызықты сайыс өткізді. Мұғалімдер белсенділік танытып, білім мен тапқырлықтарын көрсетті.Іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған Тоболов Алмас Тлегеновичке алғыс білдіреміз. Мұндай зияткерлік ойындар педагогтердің кәсіби серпінін арттырып, ұжымдағы жағымды атмосфераны қалыптастыруға септігін тигізеді.