Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+

Алғыс айту күні-мейірім мен ризашылық мерекесі

2024 жылдың 1 наурызы күні Қазақстан халқы Алғыс айту күнін атап өтуде. Бұл мереке-бірлік пен татулықтың, өзара сыйластық пен қамқорлықтың символы.Осы айтулы күн аясында Қостанай қаласы №15 жалпы білім беретін мектебінің ұжымы мен мектеп парламенті мүшелері қоғам үшін аянбай еңбек етіп жүрген азаматтарға алғыс білдірді. Олар «Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті», «Қостанай облысының полиция департаменті», «Қостанай облыстық ауруханасы» және «Қостанай қаласының төтенше жағдайлар басқармасы» қызметкерлерін мерекемен арнайы барып құттықтады.Мектеп ұжымы атынан көрсетілген ілтипат елге қызмет етіп жүрген жандардың еңбегіне деген құрмет пен ризашылықтың айқын көрінісі болды.
Алғыс айту күні-мейірімділік пен ізгі істерге үндейтін мереке, сондықтан бұл дәстүр мектебімізде жыл сайын жалғасын табуда.