«Алтын күз – 2025» сайысы
12 қараша күні мектебімізде дәстүрлі «Алтын күз – 2025» сайысы өтті. Сайыс екі жас санатында өткізілді: 5–7 сынып және 8–10 сынып оқушылары.
5–7 сынып оқушыларының сайысы:
Оқушылар төрт кезең бойынша өз таланттары мен шығармашылығын көрсетті: таныстыру, дефиле, күзгі дәм (үй тапсырмасы) және өз өнері. Қатысушылардың өнері көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Сайыс қорытындысы:
- 1 орын – 5 «Ә» сыныбы
- 2 орын – 6 «Ә» сыныбы
- 3 орын – 7 «А» сыныбы
8–10 сынып оқушыларының сайысы:
Бұл күн оқушылардың шығармашылық қабілеті мен креативін паш ететін ерекше шара болды. Сайысқа қатысушылар төрт кезеңде өнер көрсетті: таныстыру, дефиле, күзгі дәм (үй тапсырмасы) және өз өнері. Әр сынып көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Сайыс қорытындысы:
- 1 орын – 8 «Ә» сыныбы
- 2 орын – 10 «Ә» сыныбы
- 3 орын – 9 «Ә» сыныбы
Барлық жеңімпаздар мен қатысушылар грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
https://www.instagram.com/p/DQ_psakjO4T/














