Ана тілі-ұлттың жаны
5 қыркүйек-Қазақстан халқы тілдері күні аясында мектебіміздің кітапханасында ерекше дәріс өткізілді. Шараның мақсаты-оқушыларға ана тілінің құндылығын насихаттау, мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу, сондай-ақ кітаптар мен басылымдар арқылы қазақ тілінің тарихы мен мәртебесін таныстыру болды.
Дәріске 8-сынып оқушылары қатысып, қызықты ақпараттармен танысты. Оқушылар ана тілінің маңызы туралы өз ойларын бөлісіп, қазақ тілін ардақтау-баршамыздың ортақ міндетіміз екенін терең түсінді. Бұл іс-шара балаларда тілге деген құрмет пен патриоттық сезімді қалыптастыруға ықпал етті.















