Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+


Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.216.149): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 403 Forbidden in /var/www/vhosts/mektep15.edu.kz/httpdocs/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46

Балалар үні-болашақтың айнасы

Бүгін мектебімізде Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Балалар үні» жобасы және Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 9-сынып түлектерімен бейресми кездесу өтті. Кездесуді мектебіміздің директорының міндетін атқарушы Сейіт Ербол Қанатұлы жүргізді. Ол оқушылармен ашық әрі мазмұнды әңгімелесіп, түлектердің алдағы емтиханға дайындығын талқылап, келесі оқу жылына қатысты олардың жоспарларын тыңдады. Сонымен қатар, мектеп өміріне енгізілуі мүмкін өзгерістер жөніндегі ұсыныстар қарастырылып, оқушылар көкейінде жүрген сауалдарына толыққанды жауап алды.

Бұл кездесу жасөспірімдердің пікірін ескеруге, өз болашағын саналы түрде жоспарлауына және мектептегі ортаға белсенді араласуына мүмкіндік береді. Балалардың үні естіліп, ойы назарға алынатын білім беру кеңістігі ғана шынайы қолдау мен қамқорлыққа негізделген орта бола алады.