Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+

1 маусым – Балаларды қорғау күні қарсаңында мектебімізде «Балажан» ата-аналардың еріктілік акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты-отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту, балалардың жан-жақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Отбасы мен мектеп арасындағы өзара белсенді байланыс-баланың тұлғалық және әлеуметтік дамуына қолайлы орта қалыптастыратын маңызды факторлардың бірі. Балалардың оқуы мен тәрбиесіне ата-аналардың белсенді қатысуы оқушылардың академиялық үлгеріміне ғана емес, олардың мінез-құлық мәдениеті мен әлеуметтік дағдыларының қалыптасуына да оң әсерін тигізеді.

Халықаралық балаларды қорғау күні аясында ата-аналарды еріктілер ретінде іс-шараларға тарту-оқушылардың адамгершілік және рухани дамуына ықпал етумен қатар, ата-аналарға өз баласын жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді.

Акция барысында мектебіміздің көркем еңбек пәнінің мұғалімі А. Бисекенованың жетекшілігімен ата-аналар мен оқушылардың қатысуымен қызықты шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Шеберлік сағатында қатысушылар шығармашылық қабілеттерін дамытып, өз қолдарымен әсем бұйымдар жасап, бір-бірімен жылы қарым-қатынаста уақыт өткізді.

Бұл акция балалардың, ата-аналардың және мектеп ұжымының өзара ынтымақтастығын арттыруға бағытталған маңызды шаралардың бірі болды.