Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+

«Балдәурен» мектепалды жазғы алаңында маңызды тренинг

Бүгін «Балдәурен» мектепалды жазғы алаңында педагог-психолог Дүйсенбаева Қ.А. оқушылармен «Буллинг-оны қалай анықтап, әрекет ету және өзіңді қалай қорғау керек!» тақырыбында тренинг өткізді.

Шара барысында балалар буллингтің әртүрлі түрлері мен белгілерін тануды үйреніп, қиын жағдайларда қайда және кімге жүгінуге болатынын білді. Сонымен қатар, тренинг өз-өзіне сенімді болудың және өзгелерге құрметпен қараудың маңыздылығын түсінуге бағытталды.

Оқушылардың ашық пікір алмасып, белсенді қатысуы тренингтің нәтижелілігін арттырып, олардың қауіпсіздік пен бір-біріне деген сыйластыққа деген көзқарасын нығайтты.