03.04.2023 - 07.04.2023 аралығында «Білімпаздар мекені» атты бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің апталығы өтті. Барлық ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар жоғары әдістемелік деңгейде өткізілді. Айта кететін болсақ: «Мен қатесіз диктант жаза аламын», «Әдемі жазу – өнер» сайыстарында оқушылар көркем жазуларымен жарысқа түсті. Нәтижесінде сауатты, қатесіз жазатын оқушылар анықталды және марапатталды.
2-4 сыныптар арасында оқушылардың білімін шыңдауға бағытталған «Пәндер марафоны» ұйымдастырылды. Квест ойынында оқушылар бірнеше пәннен білімдерін сынап, қызу ойынға кірісті. Ойын жарыса отырып білім қуалаған оқушылардың көңілінен шықты.
Апталықтан ата-аналар да қалыс қалмады. 1 сыныптар арасында өткен «Көңілді эстафета» спорттық ойынында ата-аналар белсенділік танытып, жүлделі орындарға ие болды. Отбасы болып қатысқан ойынның жас ұрпаққа берер тәрбиесі мол болды.
«Кітап –көзі ашыққа маржан», «Кітап білім бұлағы», «Кітап білімнің қайнар көзі», «Менің алғашқы кітабым» тақырыптарында 1-4 сынып оқушылары өз қолдарымен жасаған кітапшалар көрмесін ұйымдастырды. Талантты да талапты оқушылардың өз қолдарымен жасаған туындылары таңқаларлықтай деңгейде болды.
Оқушылардың ертегі оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында 1-4 сыныптар аралығында «Ертегілер еліне саяхат» атты қойылым болды. Әр сынып өздерінің оқыған ертегілерін көрсетіп, актерлік шеберліктерін паш етті.
Мектебіміздің мұғалімдерімен «Брейнг-ринг» интелектуалды ойынын Серикова А.А. мен Майшина А.К. жоғары деңгейде ұйымдастырды. Мұғалімдер белсенділік танытып, ойынның барлық кезеңдерінде қызыға жұмыс жасады.
Соңғы кезде өзекті мәселелердің біріне айналып отырған тақырып төңірегінде әдістеме бірлестігінің жетекшісі Есингожина З.П. «Инклюзивті білім беру қоғам қажеттілігі атты «Сіз не дейсіз?» Ток шоуын өткізді. Тоқс шоуға мектеп жантанушы, логопеды, медбикесі және пән мұғалімдері шақырылды.
Апталыққа белсене қатысқан оқушылар арнайы мадақтамалармен марапатталды.