Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+

1 мамыр – Қазақстан халқының Бірлік күніне орай №15 жалпы білім беретін мектебінде 5–7 сынып оқушылары арасында «Бейбітшілік – ел тірегі» атты этно-мәдени байқау өткізілді.

Байқаудың негізгі мақсаты – оқушылар арасында достық пен өзара сыйластықты, ұлтаралық келісім мен татулықты дәріптеу, түрлі этнос өкілдерінің мәдениеті мен дәстүрлеріне құрмет сезімін қалыптастыру болды.

Іс-шара барысында оқушылар өз ұлттарының салт-дәстүрін, ұлттық киімдерін және ән-жырын таныстырып, өнерлерін көрсетті. Байқау жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар мен көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлады.