Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата-аналар және қонақтар!
Сіздерді дәстүрлі Білім күнімен, жаңа оқу жылының басталу мерекесімен құттықтаймын. Адам өміріндегі сарқылмас қазына-ол білім. Адам баласы барлық арман, мақсаттарына тек білім арқылы ғана жете алады. Бүгін барлық білім беру мекемелері есіктерін айқара ашып, білім нәрімен сусындауға келген Отанымыздың жастарын, бүлдіршіндерін құшақ жая қарсы алуда. Бүгінгі оқушы- білім бәсекесіне төтеп бере алатын, санасы ашық, халқымыздың рухани-адамгершілік құндылықтарын бойына сіңірген, үштілді еркін меңгерген тұлға болуы керек. Осы мақсатқа жету жолында мектебіміздің ұжымы қажырлы еңбек етуде. Оның дәлелі- өткен оқу жылының қорытындылары деп айта аламын. Мектебіміздің оқушы Қуандық Арнұр
Республикалық «Абай оқулары» байқауынан 3 орын иегері атанды, сонымен қатар қалалық пәндік олимпиадалардан 11 оқушы жүлделі орын иегерлері атанды. Сонымен қатар мектебіміздің қабырғасында тоғызқұмалақ, шахмат, домбыра, қазақша күрес, ережесі жекпе жек сынды үйірмелер өздерінің үздік нәтижелерін көрсетіп келуде. Алдағы оқу жылы да дәл осындай жемісті, жеңісті сәттерге толы болады деген сенімдемін. Жаңа оқу жылы құтты болсын.