2023-2024 оқу жылының қорытындысы ретінде мектепте «Білім-Отанымa» атты тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Іс-шараға білім алушылардың ата-аналары қатысып, оқу жылының жетістіктерімен танысты.
Тәрбие сағаты ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың құттықтау сөзімен басталды. Министр өз құттықтауында білім беру саласындағы жетістіктерді атап өтіп, оқушылар мен ұстаздарға жаңа белестерді бағындыру жолында табыс тіледі.
Оқу жылы бойында ғылыми және спорттық бағыттарда үздік нәтижелерге қол жеткізген оқушылар марапатталды. Солардың бірі - 6 «Б» сыныбының оқушысы Арманбек Мухаммед Али. Ол ғылыми байқауда республикалық деңгейде жетістікке жеткені үшін қала әкімі М. Жүндібаевтың атынан Алғыс хатпен марапатталды.
Іс-шара барысында ата-аналар мен мұғалімдер оқушылардың оқу және тәрбие бағытындағы табыстарын атап өтіп, жылы лебіздерін білдірді. «Білім-Отанымa» тәрбие сағаты оқушылардың жыл бойғы еңбегін қорытындылап, келешекке деген ынтасын арттырған мазмұнды іс-шара болды.














