Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+

«Болашақты бірге құрамыз»: мектептегі экологиялық мәдениеттің жарқын көрінісі

2025 жылғы 26 сәуір күні мектебімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында маңызды игі іс жүзеге асты. Мектеп түлектері, педагогтар және ата-аналар бірлесе отырып, оқу орнының ауласында алты терек ағашын отырғызды. Бұл бастама – табиғатты қорғауға деген ұжымдық жауапкершіліктің, қоршаған ортаға қамқорлықпен қараудың айқын үлгісі болды.

Жыл сайын мектеп аумағын көгалдандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Биылғы жылы жалпы 48 ағаш отырғызу жоспарланған. Оның ішінде:16 терек, 6 шырша, 26 жеміс ағашы.

Әрбір ағаш-білім алушылардың, ата-аналардың және ұстаздардың бірлескен еңбегінің нәтижесі. Ағаш отырғызу сенбіліктеріне қатысқан оқушылар табиғатқа жан бітірудің, туған ортаға өз үлесін қосудың маңызын терең түсіне бастайды.

Бұл іс-шара -жас ұрпақтың экологиялық санасын қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік жұмыстың маңызды бөлігі. Көгалдандыру арқылы оқушылар табиғатты аялаудың нақты әрекетпен жүзеге асатынын ұғынады. Мектеп ұжымы алдағы уақытта да осындай экологиялық бастамаларды жалғастырып, жасыл аймақты көбейтуді мақсат етеді.

«Болашақты бірге құрамыз» қағидаты-құр ұран емес, шынайы еңбектің нәтижесі. Отырғызылған әрбір жасыл тал – келешекке жасалған маңызды қадам.