Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+


Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.216.149): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 403 Forbidden in /var/www/vhosts/mektep15.edu.kz/httpdocs/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46

"Дарынды балаларға – талантты ұстаз" байқауы

Қостанай қаласы білім бөлімінің Ғ. Қайырбеков атындағы №9 жалпы білім беретін мектебінде жас мамандар арасында республикалық “Дарынды балаларға – талантты ұстаз” байқауының қалалық кезеңі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.Қаланың түрлі білім беру ұйымдарынан 30 жас маман өз кәсіби шеберліктерін көрсетіп, педагогикалық идеяларын ортаға салды. Байқау барысында қатысушылар келесі тақырыптарда ойларын қорғады: алғашқы кәсіби жетістіктер мен қиындықтар, қателіктен алынған сабақ және ұстаз болу жолындағы тәжірибе. Барлық жас педагогтер шығармашылық әлеуетін, кәсіби құзыреттілігін және ұстаздыққа деген сүйіспеншілігін шебер көрсетті. Нәтижесінде, мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ғалымжан Нұрайлым Кәдіржанқызы байқауда III орын иеленіп, ұстаздар ұжымының мерейін үстем етті.