Қалалық дене шынықтыру мұғалімдерінің тамыз конференциясы аясында дене шынықтыру және спорт саласына қосқан зор үлесі үшін мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жаканов Мұхтар Актилекұлы Қалалық білім бөлімінің Мадақтамасымен марапатталды.
Бұл марапат-ұстаздың спорттық жетістіктерді дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және жас ұрпақ арасында дене тәрбиесін жүйелі қалыптастыруға қосқан еңбегінің айғағы. Мұхтар Актилекұлы көптеген оқушыларды түрлі спорттық жарыстарға дайындап, олардың облыстық, республикалық деңгейдегі жеңістеріне жол ашып келеді.
Ұжым атынан құрметті Мұхтар Актилекұлын лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық, кәсіби табыс және жаңа спорттық жеңістер тілейміз. Чемпиондар тәрбиелеуден шаршамаңыз!














