«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №15 орта мектебі» ММ-де
«Денсаулық» күні республикалық акциясын өткізу туралы ақпарат
2020 жылдың қыркүйек айының бірінші сенбісінде, яғни 5-ші қыркүйекте «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №15 орта мектебі» ММ-де «Денсаулық фестивалі» болып өтті. «Біз-салауатты өмір салты үшін» ұранымен әлемде болып жатқан пандемияға байланысты іс-шара қашықтықтан өткізілді. Фестиваль инстаграм әлеуметтік желісінде челлендж түрінде ұйымдастырылды. Оқушылар дене шынықтыруға арналған іс-қимылдар жасап бейнеролик түсіріп бір біріне таратты.
Іс-шараға 1-11 сыныптар аралығындағы оқушылар белсене ат салысты.
Бұл фестивальдің мақсаты: оқушылардың салауатты өмір салтына деген қажеттілігін қалыптастыру.
Міндеттері:
– оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу үшін жағымды көңіл-күй мен қолайлы жағдай жасау;
– оқушылардың дене жаттығуларымен өз бетінше айналысуға ынталандыру.
– оқушыларды әртүрлі спорт түрлерімен айналысуға тарту;
Видеоға қойылған талаптар:
- Сынып оқушыларының басым көпшілігінің қамтылуы;
- ойдың өзіндік ерекшелігі;
- жағымды эстетикалық көрінісіне мән берілді.
Челлендж соңында әділ – қазылар ең үздік бейнероликтерді анықтап, жүлделі орындарды жариялады. Әділ қазылар алқасы: ДТІЖО Есбатыров М.З, аға тәлімгер Бисекенова А.С., дене шынықтыру пәні мұғалімі Калиев С.К.
Нәтижесінде:
Бастауыш сыныптар арасында:
Гран при: 1Б сыныбы
1 орын: 1Ә сыныбы
2 орын: 2В сыныбы
3 орын: 1А сыныбы
Жоғары сыныптар арасында:
Гран при: 9Ә сыныбы
1 орын: 10 А, 8 Ә сыныптары
2 орын: 8 А, 6 Ә сыныптары
3 орын: 5 А, 6 Б, 7 Ә сыныптары