№15 жалпы білім беретін мектепте 2024 жылдың қыркүйек айында «Егер қиын болса, қоңырау шалыңыз!» атты ақпараттық-түсіндіру акциясы ұйымдастырылды. Акцияның негізгі мақсатыөоқушыларға, ата-аналарға және мектеп ұжымына облыстық психологиялық қолдау орталығының қызметі туралы кеңінен ақпарат беру, сонымен қатар білім алушылардың психологиялық сауаттылығын арттыру болды. Іс-шара барысында қатысушыларға психологиялық көмек пен қолдаудың маңыздылығы түсіндіріліп, өмірлік қиын жағдайларда кімге және қалай жүгіну керектігі жөнінде нақты мәліметтер берілді. Сонымен бірге сенім телефондарының нөмірлері мен байланыс арналары таныстырылды. Акция аясында мектеп психологтары мен сынып жетекшілері оқушылар арасында әңгімелер, тренингтер және буклеттер тарату жұмыстарын жүргізді. Мұндай шаралар оқушылардың өз сезімдерін дұрыс түсініп, қажет сәтте көмек сұрауға ұялмауға тәрбиелейді. Жалпы алғанда, «Егер қиын болса, қоңырау шалыңыз!» акциясы – мектеп қауымдастығы арасында психологиялық мәдениетті қалыптастыруға, өзара түсіністік пен қолдау ортасын нығайтуға бағытталған маңызды бастама болды.
- Нормативті-құқықтық құжаттар
- Мектепке дейінгі білім беру
- Оқу-тәрбие жұмысы
- Ғылыми-әдістемелік қызмет
- Әдістемелік нұсқаулықтар
- Жұмыс жоспары
- Аттестация
- Біліктілік арттыру
- Тәлімгерлік (жоспар, атқарылған жұмыстар)
- «Озат» кәсіби қоғамдастығы (жоспар, атқарылған жұмыстар )
- Әдістемелік бірлестіктер
- Авторлық жұмыстар
- Озық тәжірибе тарату
- Үздік ашық сабақтар
- Ғылыми қоғамдастық
- Дарынды балалармен жұмыс
- Әдістемелік кеңес
- Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар
- Тәрбие жұмысы
- Психологиялық қызмет
- Әлеуметтік қызмет
- Жобалар
- Кері байланыс
- Мектеп логопеді
- Кітапхана
- Бос орын














