Ертегілер еліне саяхат
Мектебімізде 1–2 сынып оқушыларымен «Алтын балық» және «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» атты ертегілер бойынша оқу сағаты ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – оқушылардың ертегі мазмұнын түсініп, өз сөздерімен айтып беру дағдысын дамыту, сөздік қорын байыту және байланыстырып сөйлеу қабілетін қалыптастыру. Сонымен қатар балаларға адамгершілік қасиеттерді, қанағатшылдықты дәріптеу де басты міндет болды. Оқушылар қызығушылықпен ертегілерді тыңдап, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Мұндай сабақтар баланың ойлау қабілетін арттырып, шығармашылыққа ынталандырады.














