Филология апталығы: «Болашақ білім: мұғалім мен жасанды интеллект серіктестігі»
Апталық жоспарына сай бүгінгі күн ашық сабақтарға арналды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Ашық сабақтар барысында 8 «Ә» сынып оқушылары «Даналық кітабы» тақырыбында (Ғалымжан Н.К.), 9 «Ә» сынып «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы бойынша (Бекбулатова А.Б.), 10 «Б» сынып «Он жетінші қара сөзде көтерілген мәселелер» тақырыбында (Қуанышбаева Г.Ш.), ал 10 сынып «Масғұт» поэмасының тақырыбы мен идеясы бойынша (Арыстан Н.Н.) сабақ өткізді.
Мұғалімдер жасанды интеллектті сабақ үрдісіне кіріктіре отырып, білім берудің жаңа қырларын көрсетіп, оқушыларға пәнге деген қызығушылық пен терең түсінік қалыптастырды.














