Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+


Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.216.149): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 403 Forbidden in /var/www/vhosts/mektep15.edu.kz/httpdocs/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46

Филология апталығы-Инновациялар әлемінде

«Болашақ білім: мұғалім мен жасанды интеллект серіктестігі» тақырыбында «Инновациялар әлемі: Жасанды интеллект жәрмеңкесі» өтті. Шара барысында спикерлер заманауи білім беру тәжірибелерімен бөлісіп, жасанды интеллекттің педагогикалық үдерістегі мүмкіндіктерін таныстырды.

Жәрмеңкеде Серікова А.Қ. «Book Creator платформасының рөлі және ЖИ мүмкіндіктері» тақырыбында сөз сөйлесе, Бралина Т.Т. «Жасанды интеллект арқылы видео жасау: Veo тәжірибесі» тақырыбын ұсынды. Сакенова Ж.Б. «Мәтінді бейнеформатқа түрлендірудің тиімді тәсілі: Fliki.ai», ал Маженова С.Т. «STEMsolve-физика пәнінде ғылымға бастайтын креативті жаңашыл қадам» тақырыбында тың идеяларын ортаға салды. Сонымен қатар, Айту Б.Н. тарихи деректерді әдебиетпен байланыстырудың жаңа әдістерін және ЖИ тәжірибесін таныстырды.

Бұл шара жасанды интеллекттің білім беру саласындағы мүмкіндіктерін көрсетуімен қатар, қатысушыларға тың идеялар мен шығармашылық шабыт сыйлады.