1-11 сыныптар арасында өткен «От мира в доме к миру на Земле» сурет байқауына жұмыстар тапсырылды. 10.12.2019 күні «Дебат» үйірмесі жетекшісі Б.Айту 10 сынып оқушыларының қатысуымен «Отбасы дағдарысы» тақырыбында дебат отырысын өткізді. ««Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» ҚР Заңы» тақырыбында ата-аналар мен педұжымға арналған құқықтық лектория болып өтті. «Сәтсіз» отбасылар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар отбасыларына, сенімхатпен, өгей әкемен тұратын отбасылардың тұратын үйіне барып, жадынамалар таратылды.
Ал 5-6 сынып оқушылары үшін «Балаға мейірімді Қазақстан» тақырыбында сурет байқауы және «Құқық дегеніміз не?» зияткерлік ойыны ұйымдастырылып, қорытындысы бойынша жеңімпаздар мадақтамалармен марапатталды. Сондай-ақ айлық аясында 1-11 сынып оқушылары үшін сынып жетекшілері «Отбасы құндылықтары» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді. 8-10 сынып оқушыларынан «Өз құқығыңды білесің бе?» сауалнамасы алынды. Айлық аясында «Сәтсіз» отбасыларды анықтау мақсатында рейд жүргізілді. Ата-аналарға «Үй-тұрмыс жағдайындағы зорлық-зомбылықты болдырмау» жадынамалары таратылды. «Дебат» үйірмесі мүшелерімен үйірме жетекшісі Б. Айту «Отбасы дағдарысы» тақырыбында дебат отырысын өткізді. 8-10 сынып оқушылары үшін С. Алшимбаева «Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын» шығарма сайысын ұйымдастырды.
- 12.2019 күні мектеп психологы С.Тақыбай 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді;
- 12.2018 күні мектеп психологы 8 сынып оқушыларына «Зорлық-зомбылыққа қалай қарсы тұру керек?» тренингін өткізді;
- ««Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» ҚР Заңы» тақырыбында ата-аналар мен педұжымға арналған құқықтық лектория болып өтті. «Сәтсіз» отбасылар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар отбасыларына, сенімхатпен, өгей әкемен тұратын отбасылардың тұратын үйіне барып, жадынамалар таратылды.