Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+

Қалалық конкурс жеңісі – кәсіби шеберліктің айғағы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімі» ММ ұйымдастыруымен 2025 жылғы 6 қазанда №28 мектеп-гимназия базасында «Мектеп әдістемелік бірлестіктері – педагогтар үшін тиімді дамытушы орта» атты қалалық конкурс өтті. Біздің мектебіміздің Математика, информатика және физика пәндері бірлестігі 15 мектептің арасынан үздік шығып, І орынды иеленді және облыстық кезеңге жолдама алды. Бұл жетістік ұстаздарымыздың кәсіби шеберлігі мен тынымсыз еңбегінің нәтижесі болып табылады. Бірлестік мүшелерін шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы облыстық кезеңде де сәттілік пен жеңіс серік болсын!