Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+

1 қазан-Халықаралық қарттар күні. Осы айтулы мерекеге орай мектебіміздің Мектепке дейінгі білім беру тобы мен «Арман» шағын орталығының тәрбиешілері мен тәрбиеленушілері қарттарымызға деген ерекше ықылас пен құрмет көрсетті.Мерекелік шара барысында ата мен әжелерге арнап жылы лебіздер айтылып, балдырғандар өз өнерлерін ортаға салды. Әсем әндер мен көңілді билер, жүрекжарды өлеңдер арқылы кішкентайлар үлкендерге деген сүйіспеншіліктерін білдірді.Сонымен қатар, балалар мен тәрбиешілер қонақтарға арнап мерекелік дастархан жайып, қарттарға сый-құрмет көрсетті. Көрініс барысында ата-әжелердің жүзінен қуаныш пен ризашылықтың ізі байқалды.Іс-шараның негізгі мақсаты-жас ұрпақтың бойында үлкенге құрмет, кішіге ізет сынды ізгі қасиеттерді қалыптастыру, аға буынның еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу болды.Қарттар күні-өткен өмір мен болашақ ұрпақты жалғайтын рухани мереке. Осындай игі шаралар арқылы оқушылар мен бүлдіршіндер мейірім мен сыйластықтың мәнін терең түсінді.