«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №15 орта мектебі»ММ
Қашықтықтан ата-аналар жиналысы туралы акпарат
Қостанай қаласы №15 жалпы орта білім беретін мектебінде онлайн түрде 2020 жылдың 20 тамызында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Ата-аналар жиналысының мақсаты:коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды (балалардың заңды өкілдерін) хабардар ету.
Тақырыбы: «Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы.
Біздің мектепте қашықтықтан оқыту қалай ұйымдастырылады?»
Күн тәртібінде:
- Жаңа оқу жылындағы оқу форматтары (әр мектеп ата-аналарға осы мектепте оқитын форматы туралы хабарлайды)
- Оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау
- Қашықтан оқыту: баланың мінез-құлық ережелері және жұмыс орны
- Қашықтан оқытуды жүзеге асыратын білім беру Интернет-платформасымен танысу (экранда көрсету)
- Жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау жүйесі
- Баланың оқу режимі және демалысы
- Баланы өздігінен оқуға қалай ынталандыруға болады?
- Балалардың интернеттегі жұмысын ата-аналардың бақылауы ережелерімен танысу
- Ата-аналар мен балалардың қарым-қатынас психологиясы
- «Ағымдығы мәселелер»
Жиналыс барысында сынып жетекшілер презентация бойынша ата-аналарды жаңа оқу жылындағы дайындық форматымен, яғни санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты, коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатындаІ тоқсанда барлық сыныптар қашықтықтан оқыту жүзеге асырылғандығымен таныстырды.
- Ата-аналарға санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң түрде сақтау, және балаларымен жүмыс жасау ұсынылды.
- Баланың жұмыс орнын ұйымдастырудағы мінез-құлық ережелері мен ұсыныстар айтылды, балалардың оқу және демалу режимін ұйымдастыру талқыланды. Сонымен қатар баланы өз бетінше оқуға қалай ынталандыруға болатындығы туралы ұсыныстар айтылды.
- Ата-аналарға қашықтықтан оқыту кезінде қолданылатын интернет-платформалармен, яғни Online Mektep, Bilim Land, Kundelik таныстырылды және ата-аналар жаңа оқу жылында оқушылардың бағалау жүйесін көрді№
- Ата-аналар балаларын Интернетте қауіпсіз жұмыс істеуге үйрететін ережелерді және ата-ана балалардың жұмысын бақылау ережелері туралы талқылады.
- Ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынас психологиясы қарастырылды.
Әр сыныпта жиналыс сонында шешім қабылданды:
- Санитарлық талаптарды сақтау.
- Қашықтықтан оқыту кезінде оқушының жұмыс орнын және күн тәртібін ұйымдастыру.
- Баламен бірге зерттеу және демалыс режимін жасау.
- Балаларды өз бетінше оқуға ынталандыру.
- Балаларға Интернетті қауіпсіз пайдалану ережелерін сақтау және естеріне салу.
- Интернеттегі балалардың жұмысын ата-аналық бақылау ережелерін қолдану.