Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімі №15 жалпы білім беретін мектебі»КММ «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығына енгізілген өзгерістер туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 3 қарашадағы № 547 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдарына қашықтықтан оқытуды ұсыну бойынша талаптар айқындалды, сондай-ақ қашықтықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары қосылды.

Қашықтықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру Қағидаларының 2 тарауының 4 тармағына сәйкес білім беру ұйымдары қашықтықтан оқыту келесі санаттарғы оқушыларға рұқсат беріледі:

      1) денсаулық жағдайы туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы бар білім алушылар;

      2) қатысу кезеңіне арналған халықаралық, республикалық оқу-жаттығу жиындарына, спорттық жарыстарға, зияткерлік және шығармашылық конкурстар мен фестивальдарға қатысушылар;

      3) ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші бойынша белгілі бір кезеңге арналған педагогикалық кеңес пен қамқоршылық кеңестің шешімімен орта білім беру ұйымдарында оқитындар.

     Білім алушы үшін орта білім беру ұйымдарында қашықтықтан оқыту білім алушының ата-анасының немесе өзге де заңды өкілінің өтініші негізінде педагогикалық кеңестің және қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша үлгерім көрсеткіштері, баланың пікірін, мектеп психологының қорытындысын, білім алушылардың тұрғын үй-тұрмыстық тұру жағдайлары актісін ескере отырып, қашықтықтан оқыту үшін жағдайлардың болуы негізінде жүзеге асырылады:

      1) Оқу үдерісі мен БЖБ,ТЖБ кестелері жасалады;;

      2) қосымша білім беру  арқылы әлеуметтендіреді;

      3) білім алушы оқу үдерісіне қатысады БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын орындайды;

      4) білім алушылар аттестаттаудан бекітілген орта білім беру ұйымының орналасқан жері бойынша тапсырады. Педагогикалық кеңес қашықтықтан оқытуды ұзарту не тоқтату шешімін қабылдайды;

      5) оқу процесінде білім алушы игерілмеген тақырыптар бойынша пән мұғалімдеріне, басқа жағдайларда қажет болған жағдайда мектеп психологына, медицина қызметкеріне, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторға, орта білім беру ұйымының әлеуметтік педагогіне жүгінеді;

      6) білім алушы білім беру ұйымының спорттық, мектептік және мектептен тыс іс-шараларына қатысады;       7) білім алушы бекітілген орта білім беру ұйымы оған спорт, оқу, акт залдарын, компьютерлік сыныптар мен кітапхананы тегін пайдалануды қамтамасыз етеді.