Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+

Мектебімізде «Құқықбұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу» айлығы аясында 1-7 сынып оқушыларының қатысуымен суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Көрме жоғары деңгейде өтіп, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен ой өрісін танытқан ерекше шара болды. Іс-шараның басты мақсаты-жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ олардың құқықтық жауапкершілік туралы түсініктерін тереңдету болды. Көрмені ұйымдастырған көркем еңбек пәнінің мұғалімі Бисекенова А. балалардың салған суреттерін таныстырып, олардың өз еңбектері арқылы қоғамдағы өзекті мәселелерге деген көзқарастарын білдіруіне мүмкіндік жасады. Оқушылардың әр туындысы бейбітшілік, әділдік және мейірім құндылықтарын насихаттады. Балалардың таланты мен креативтілігіне куә болу-біз үшін зор қуаныш. Осындай игі бастамалар арқылы оқушылардың құқықтық мәдениеті қалыптасып, қоғамда құқықбұзушылық пен зорлық-зомбылыққа қарсы көзқарас орнығуына үлес қосамыз.