Қостанай облысы ҚАЖ департаментіне қарасты РГУ мекемесі №76 арнайы контингент арасында тәрбие жұмыстары мен әлеуметтік-психологиялық жұмыстар бөлімінің инспекторы, капитан юстиции Серік Дылдабекұлы Әбуталипов 9-11 сынып оқушыларымен құқықбұзушылықтың алдын алу және «Зиянды әдеттер» тақырыбында дәріс өткізді. Шараның мақсаты-жасөспірімдер арасында құқықбұзушылыққа жол бермеу, зиянды әдеттерден сақ болуға тәрбиелеу. Дәріс барысында оқушыларға құқықтық сауаттылықты арттыру, қоғамдағы жауапкершілік пен заңды сақтау маңыздылығы түсіндірілді. Мұндай іс-шаралар жастардың санасында тәртіп пен заңды сыйлау сезімін қалыптастырып, олардың қоғамдағы жауапкершілік сезімін нығайтуға зор үлес қосады. Қоғамымыздың болашағы-жастар, ал тәртіп пен заңды сақтау-әрқайсымыздың парызымыз.














