Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+

Бүгін мемлекетіміздің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман-аңсарын білдіретін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні. Төбемізде желбіреген көк байрағымыз, барша қазақстандықтардың шаңырағы ретінде бейнеленген Елтаңбамыз және ұлттың ортақ үніне айналған әнұранымыз біздің ең басты құндылықтарымыз. Сондықтан оларды құрметтеу, көзіміздің қарашығындай сақтау әр қазақстандықтың азаматтық парызы. Бұл күн ата- халқымыздың сан ғасырлық арманы болған тәуелсіздікті қадірлеп, елдігімізді арттыратын, өткенімізді ұлықтап, ұлтты ортақ мүддеге ұйыстыратын ерекше маңызға ие. Рәміздеріміз қазақтың рухы – биік, санасы – азат, ойы еркін халық екенін барша әлемге паш ететін ең басты белгілер. Ендеше, аспанымыз қашанда көк туымыздай ашық болып, елдің мәртебесі қырандай биіктей берсін! Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын! Құрметпен білім беру ұйымы директоры Ж.Ж. Мирамова