Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+

Сіздерді ұлтымыздың ұлық мерекесі – Қазақстан Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз болашаққа нық сеніммен қадам басып келеді. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын!

Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанымызға биыл 31 жыл толып отыр. Осындай мерейлі шақта еліміздің гүлденіп - көркеюі жолында аянбай еңбек етіп жүрген әрбір қазақстандықты Ұлттық мерекемізбен құттықтаймын.

Сіздерге дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге табыс тілеймін. Тәуелсіздігіміз баянды болсын!