Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+

19.01–20.02.2026 ж. аралығында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті мен Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институты 3 курс студенттері № 15 жалпы білім беретін мектебі базасында кәсіби тәжірибеден өтті.
Тәжірибе соңында  «Жас маман мектебі» жетекшісі Омарова Л.А. мен жас мамандар Ғалымжан Н.Н., Мухамеджанова А.С. машықтанушыларға арналған мазмұнды әрі әсерлі іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты:
Машықтанушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, педагогикалық тәжірибесін қорытындылау, жас мамандармен тәжірибе алмасу арқылы болашақ ұстаздардың кәсіби қалыптасуына қолдау көрсету және мектеп пен жоғары оқу орны арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Іс-шара барысында тәжірибе алмасу, кәсіби кеңестер беру, кері байланыс ұйымдастыру және болашақ ұстаздарға мотивация беру бағытында жұмыстар жүргізілді.
Болашақ жас педагогтарға шығармашылық табыс, кәсіби шыңдалу және үлкен жетістіктер тілейміз!