Құттықтаймыз!
«Ғылым әлемін ашамыз» атты ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық ғылыми конкурсының қорытындысы.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен «AEROO» ЖШС 2026 жылғы 8-12 сәуірде Астана қаласында «Ғылым әлемін ашамыз» атты ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық ғылыми конкурсын өткізді.Жарыс жыл сайын Ғарышкерлер күні мен Ғылым күні қарсаңында өткізіледі.Биылғы жылы конкурс ережесі айтарлықтай өзгеріске ұшырады және байқаудың соңғы кезеңі өткенге дейін бірнеше кезеңнен тұрды. Конкурс жастарды ғарыш ғылымы мен технологиясына тартуға, инженерлік, зерттеу және кәсіпкерлік құзыреттерді дамытуға бағытталған.Қатысушылар өздерінің жобаларын-зымырандардың, роботтардың, спутниктердің макеттерін ұсынды және оларды ұшырды. Конкурс аясында барлығы үш секцияда жарыстар өткізілді:
1) AEROO Satellite Launch Competition – нано-спутниктерді атмосфераға жобалау, құрастыру және ұшыру;
2) AROO Spase AI Competition – жасанды интеллект пен коммерциялық компонентті қолдана отырып ғарыштық жобаларды әзірлеу;
3) AEROO Rocket Science Competition – су және модельдік зымырандарды жобалау, құрастыру және ұшыру.
Конкурсқа ҚХР, Түркия және Қазақстаннан 200-ге жуық қатысушы, оның ішінде мектебіміздің оқушылары Ермекұлы Арсен мен Есмағамбетов Давид жүлделі I орын иегері атанды .
Жетекшілері:
С.Т. Маженова – физика пәні мұғалімі
Е.М. Мурзалин – көркем еңбек пәні мұғалімі
Жас ғалымдарымыздың бұл жетістігі – үлкен еңбектің жемісі! Жеңістеріңіз құтты болсын, алар асуларыңыз көп болсын!













