Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 15 жалпы білім беретін мектебі» КММ  2021-2022 оқу жылында «Үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» жүргізіліп жатқандығын хабарлайды.

«Жергілікті атқарушы органдар көрсететін психологиялық-педагогикалық қолдау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 223 бұйрығына сәйкес бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау мемлекеттік қызмет болып табылатындығын және мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлға www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы келесі құжаттар пакетін ұсынаалатындығын,олар:

1) өтініш (еркін нысанда);

2) үйде оқыту бойынша ұсынымдармен қоса дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы;

          Сонымен қатар, қызмет көрсту мерзімі 2 жұмыс күні ішінде шешімін табатындығын ескертеді.

Қызмет көрсету нұсқаулығы қоса беріліп отыр.

Мектептің мекен – жайы Қостанай қаласы Северо-Западный микроауданы, 49Б орамы, ғимарат 1, байланыс телефоны 8-714-2 -39-24-95

ХАБАРЛАНДЫРУ