Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+

15 мамыр – Халықаралық отбасы күні. Мерекеге орай 1-11 сынып оқушыларына «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сабақтары барысында отбасы құндылықтары, ата-ананың қадірі мен бақытты отбасының сипатымен таныстырылды. Мектебіміз облыстық «Үндестік» жобасын белсенді жүргізіп келе жатқан мектептердің бірі. Жобаның басты мақсаты – ата-аналар мен білім беру мекемесі ұжымының ынтымақтастығы идеясын іске асыру, біріңғай тәрбие алаңын құру. Осы мақсатты жүзеге асырудың басты тетіктерінің бірі сынып сағаттары. Әрбір сынып жетекші сынып сағаттары барысында ерекше әдістер арқылы ата-аналардың балалары үшін атқарап жатқан еңбектерін көрсете білуге баса назар аудардық.

Білім беру ұйымы директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Н.Н.Арыстан