Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+

Қазіргі таңда білім беру саласы үздіксіз даму үстінде. Бұл өзгерістердің айғағы – оқыту үдерісінде қолданылып жүрген түрлі заманауи платформалар мен электронды ресурстар. Мектебіміздің педагогтері сабақ барысында Mektep Online, BilimLand секілді платформалармен қатар, «Алматыкітап» баспасы әзірлеген TopIQ.kz электронды оқулықтар жүйесін де кеңінен пайдаланып келеді. Аталған платформа қашықтықтан оқыту кезінде де, дәстүрлі сабақ барысында да тиімді құрал ретінде қолданылуда. TopIQ.kz арқылы берілетін тапсырмалар білім алушылардың жас ерекшеліктеріне және оқу бағдарламасының мазмұнына толық сәйкес келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін арттырып, оқушылардың білім алу үдерісін жеңіл әрі қызықты етуге мүмкіндік беріп отыр.