2024 жылдың 29 қаңтар – 1 ақпан аралығында Щучье қаласында өткен республикалық «Зерде» ғылыми-зерттеу жобалары байқауында мектебіміздің оқушысы Арманбек Мұхаммед Али жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі ІІІ орынға ие болды. Мұхаммед Али бұл байқауға қалалық және облыстық кезеңдердің жеңімпазы ретінде қатысып, өз мектебінің абыройын асқақтатты. Ол тарих пәнінің мұғалімі Калиева Жанар Шалахановнаның жетекшілігімен «Берел жәдігерлерінің тарихи маңызы» тақырыбында зерттеу жұмысын қорғады. Оның ғылыми жобасы республика көлемінде ұсынылған 303 жоба мен 368 қатысушының арасынан үздік деп танылып, сарапшылардың жоғары бағасына ие болды. Бұл – зор еңбектің, ізденіс пен табандылықтың жемісі. Мектеп ұжымы атынан жеңімпаз бен жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да шығармашылық табыс пен жаңа биіктерді бағындыруына тілектеспіз.















