Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы «Қостанай қаласы білім бөлімінің №15 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі — Қостанай қаласының Северо-Западный шағын ауданында орналасқан, мемлекеттік тілде оқытатын білім ошағы. Мектепте 1–11 сыныптар аралығында жалпы 721 білім алушы білім алады. Сонымен қатар, мектепалды даярлық сыныбында 76 тәрбиеленуші, ал шағын орталықта 40 бүлдіршін тәрбиеленуде. Білім ордасы жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруді басты мақсат етіп, оқу-тәрбие үдерісін жүйелі түрде ұйымдастырып келеді.















