Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+

«LEADER TOPIQ» Республикалық байқауының жеңімпазы  информатика пәнінін мұғалімі Диана Боранбайқызы.

2020 жылы «Алматыкітап баспасы» өз күшімен жаңа TopIQ электрондық оқулықтар платформасын жасауға көшті. Жаңа цифрлық өнім 2021 жылы апробациядан сәтті өтіп, 2022 жаңа оқу жылынан республиканың бірқатар оқу орындарына енгізілді. Бүгінде платформаны пайдаланушылар, оның тиімділігін және заман сұранысына сай әзірленгенін атап өтуде.
Отандық тұңғыш электрондық оқулықтар платформасының қолдану аясын кеңейту мақсатында, 2021 жылдың желтоқсанында республикалық «LEADER TOPIQ» байқауы жарияланды. Өтінім қабылдау мерзімі 6 айға созылып, еліміздің 19 облысынан 446 бейнематериал қабылданды. Байқау білім беру саласына жүрген педагогтер мен оқушыларды  қамтыды. 28 ер азамат, 156 әйел, 204 оқушы және 58 студент байқау шарттарын орындады. Екінші кезеңге 124 қатысушы өтті. Үміткерлердің бейне жұмыстарын «Digital Ustaz» байқауының жеңімпаздары
 3 кретий бойынша бағалады.

Олар:
-Видеоның сапасы;

-Мазмұны мен тақырыпты ашуы;

-Видеоның креативтілігі
Нәтижесінде, мемлекетіміздің 19 өңірі арасынан 8 аймақ оза шауып, 28 қатысушы үздік атанды.


Осы байқауға біздің мектебіміздің информатика пәнінін мұғалімі Боранбайқызы Диана қатысып «Үздік Ұстаз» номинациясы бойынша 2 орынға ие болды.

Құрметті Диана Боранбайқызы, сізді жеңісіңізбен құттықтаймыз!

Сізге мықты денсаулық, шығармашылық табыстар, жаңа идеялар, өркендеу және алға қойған барлық мақсаттарыңызға қол жеткізулеріңізді тілейміз!