Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+


Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.216.149): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 403 Forbidden in /var/www/vhosts/mektep15.edu.kz/httpdocs/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46

05 наурыз 2024 жылы №15 жалпы білім беретін мектебінде 8-наурыз-Халықаралық әйелдер күніне орай мектеп парламентінің ұйымдастыруымен «Әлемді жүрегімен әлдилеген» атты мерекелік кеш өтті.

Мерекелік іс-шараның басты мақсаты-әйел-аналардың қоғамдағы, отбасындағы және ұрпақ тәрбиесіндегі рөлін дәріптеу, оларға құрмет көрсету болды. Кеш барысында мектеп оқушылары мен ұстаздары өз өнерлерін көрсетіп, жүрекжарды тілектерін білдірді. Ән мен би, әсерлі көріністер мен жылы сөздер мереке көркін одан әрі арттырды.

Іс-шараға мектеп әкімшілігі, ұстаздар, ата-аналар және оқушылар қатысты. Олар әйел затының өмірдегі ең асыл, мейірімді, ізгі бейне екенін атап өтіп, өз ризашылықтарын жеткізді.

Мектеп ұжымы барша нәзік жандыларды көктемнің ең көрікті мерекесімен құттықтап, зор денсаулық, отбасылық бақыт және еңбектеріне табыс тіледі.

Кештің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан мектеп парламенті мүшелеріне және белсенді оқушыларға алғыс білдірілді.