Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+

Ұлттық диктант – тілге деген сүйіспеншілік пен патриоттық тәрбиенің көрінісі

2025 жылдың 6 қарашасында мектебімізде білім беру ұйымының директоры Е.Қ. Сейіттің бастамасымен 10–11 сынып оқушылары мен педагогтар «Отан» тақырыбында ұлттық диктант жазды. Шараға барлығы 91 оқушы мен 37 педагог қатысты. Бұл іс-шараның мақсаты – оқушылардың тілдік сауаттылығын арттыру, Отанға деген сүйіспеншілікті ояту және патриоттық тәрбиені нығайту. Ұлттық құндылықтарды дәріптейтін бұл шара ұжымның белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті. Тіл – ұлттың тірегі, ал ұлттық диктант арқылы оқушылар өз тіліне құрмет пен сүйіспеншілік сезімін көрсетті.